Медецинский центр Пульс

Живи без боли!

Лечим с 1992 года

Қазақ тіліндегі үлгі шарт


Ақылы медициналық қызмет көрсету жөніндегі келісімшарт

ЖШС «Пульс» медицина орталығы, БСН 140540001915 Өскемен қаласы, Красина көшесі 1 үй, 24.06.2014 жылғы 002363DF мемлекеттік лицензиясы негізінде ЖШС жарғысы бойынша бұдан әрі «Орталық» атынан әрекет етуші директор Ковзелева Евгения Васильевна,

және пациент,: бұдан әрі «Пациент», басқа тараптар төмендегідей бұл нақты келісімшарты жасасты:

1 Келісімшарт мәні

Осы Шартқа сәйкес Орталық пен Орындаушы ақылы медициналық қызметтерді көрсетеді, ал Пациент оған көрсетілген медициналық қызметтердің құнын уақытылы төлеуге міндеттенеді. Осы келісім Орталық пен Орындаушының Пациенттің мүддесі үшін ақылы медициналық қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын реттейді.

1.2 Осы келісімшарттың жасалуы емдеуді бастаудың міндетті шарты болып табылады

1.3 Пациент өз қолымен емделуге келісімін растайды және дәрігердің әдісін қабылдайды.

2.Орталықтың құқықтары мен міндеттері

2.1 Дәрігер пациентке хабарлайды:

а) аурудың болуы, оның диагнозы және емдеу болжамы туралы; қалаулы нәтижелі емдеудің болжамы, бірақ кепілдік берілмейді;

б) емдеу әдістері, олармен байланысты қауіптер және емдеудің күтілетін нәтижелері туралы; тәуекел ИРТ процедурасын тікелей жүргізумен байланысты емес, бірақ тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары болған кезде, сондай-ақ, бастан өткерген жіті вирустық немесе инфекциялық пневномия аясында мүмкін болатын әртүрлі ауырлықтағы пневмоторакс болуы мүмкін;

в) емнің әртүрлі ауыртпашылықтары мен кемшіліктері, аурудың өршуі және пациенттің денсаулық жағдайының уақытша нашарлауы мүмкіндігі туралы.

2.2 Дәрігер медициналық көрсеткіштерге сәйкес ең ұтымды емдік шараларды тағайындайды. Кез келген процедураны тек дәрігер тағайындайды және медициналық персонал осы тағайындауға сәйкес жүргізед.

2.3 Орталық кезметкерлері дәрігердің тағайындауларына және пациенттің медициналық картасына енгізілген емдеу жоспарына сәйкес процедуралардың сапалы орындалуын жүзеге асырады.

2.4 Орталықта ҚР аумағында рұқсат етілген талаптарға сәйкес емдеу әдістерін қолданады.

2.5 Орталықта қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

2.6 Дәрігердің дәрігерлік емдеу процедурасын орындауына 5 минуттан 30 минутты құрайды.

2.7. Емдеу курстарын өткізу мерзімі толығымен аурудың ауырлығына және пациенттің азғасының жеке ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар алдын ала дәл анықталуы мүмкін емес.

2.8 Орталықтың қажетті диагностикалық немесе емдік іс-шараларды орындау үшін техникалық мүмкіндіктері болмаған жағдайда дәрігер пациентті басқа мамандандырылған медициналық ұйымға жіберу құқығы өзіне қалдырады.

2.9 Пациентте медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде орталық қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы..

3. Орындаушының құқықтары мен міндеттері

3.1. Орындаушы міндеттенеді:

3.1.1. медициналық қызмет көрсету мақсаттарына байланысты медициналық қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуге;

3.1.2. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген диагностика, профилактика және емдеу әдістеріне сәйкес медициналық қызметтер көрсетуге;

3.1.3. Пациентке медициналық қызмет көрсету үшін Орталықты медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге.

3.2. Орындаушының қызметкерлері Орталық дәрігерінің тағайындауларына және Пациенттің медициналық картасына енгізілген емдеу жоспарына сәйкес жоғары сапалы процедураларды жүргізуге.

4. Пациенттің құқықтары мен міндеттері.

4.1 Пациенттің құқығы:

4.1.1 Қызметтерді орындаушы – мамандардың біліктілігі, сертификаттары, санаттары мен лицензиясы туралы ақпарат алуға.

4.1.2 Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы, оның ішінде емдеу әдісімен байланысты қауіптер, ықтимал асқынулар және емдеу процесінің басқа да ерекшеліктері туралы ақпаратты алуға.

4.1.3 Пациент дәрігерден барлық қажетті қызықтырушы ақпаратты ауызша алуға құқылы. Қабылдау қорытындысында.

4.1.4 Пациент емдеу нәтижелеріне және оның тиімділігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін оған байланысты мән-жайлардың бар екенін түсінеді және назарына алады.

4.2. Пациент міндетті:

4.2.1 Қажетті құжаттарды толтыру, инвазиялық процедура келісімшарты, оның денсаулық жағдайы туралы сауалнама, дәрігерге өз денсаулығының жай күйі, өткен және бар аурулары, дәрі – дәрмектер мен процедураларға төзбеушілік, сондай-ақ, орталықтан тыс жасалғандары туралы толық сенімді және нақты ақпаратты беруге.

4.2.2. Қолданыстағы прайс парақшаға сәйкес көрсетілген қызмет құнын қызмет көрсетілген күні төлеуге.

4.2.3 Пациент дәрігерге процесс кезінде ауырсыну немесе жайсыздықтың пайда болуы туралы хабарлауға.

4.2.4 Пациент терапия курсы кезінде міндетті:

а) алкогольді ішімдіктерді қолданудан бас тартуға;

б) физикалық және эмоционалдық жүктемені барынша азайтуға;

в) ағзаға суық тигізу мен қатты қыздырудан алыс болуға (сауна, монша);

г) күнделікті дене гигиенасын сақтауға.

4.2.5 Пациент дәрігер тағайындаған іс-шараларды диагностика, кеңестерді уақытылы дәл орындауға және басқа да мамандарға көрінуге міндетті.

4.2.6 Пациент алдын ала жазылған жазба бойынша процедураларға уақытылы келуге, 10 минутқа кешігу жағдайы болғанда орталықтың қызметкерлері процедураны бос кешкі уақытқа көшіруге құқығын өздеріне қалдырады.

5. Төлемдер мен есептер.

5.1 Пациент медициналық қызметтердің құны тексеруден кейін онымен келісілген алдын ала және пациенттің денсаулығының өзгеруіне байланысты төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін екендігімен келіседі. Емнің нақты бағасы емдеу аяқталған соң анықталады

5.2 Пациент прайс қағазына сәйкес келісімшарттың бір бөлігі болып табылатын қазіргі уақыттағы қызметі бағасы бойынша көрсетілген медициналық қызметтің бағасын күнделікті немесе алдын ала төлейді

5.3 Емделуге жеңілдіктер прайс қағазына сәйкес ұсынылады.

5.4 Алдын ала төленген ақша құралдарын қайтару көрсетілген медициналық процедура бағасын шегере отырып жүзеге асырады.

5.5 Пациентке көрсетілген қызметтің ақысы 10 күннің ішінде төлемеген жағдайда орталық төлемді алдын ала ескертусіз сот тәртібімен өндіріп алу құқығын өзіне қалдырады.

6. Басқада шарттар

6.1 Пациенттің медициналық картасындағы ақпарат келісімшартқа қосымша толықтыру болып саналады;

6.2 Қолма қол төлем жасау барысында пациенттің үшінші тұлғаларға дерек ұсынбастан дербес деректерін жинауға және өңдеуге осы келісімшартты жасасу кезінде келісім берілген фактісі болып есептеледі. Ақшасыз есеп айырысу барысында орталық/орындаушы банк пен төлем жүйелерінің іс әрекетіне жауапкершілік алмайды.

6.3 Процедура реттілігі дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі. Арнайы нұсқаулықтар болмағанда процедураның реттілігі ерікті болуымен пациент пен орталық/ орындаушының техникалық мүмкіндіктерімен анықталады

6.4 Орталықтың ғимаратында ұялы телефондарыныздың дыбыстық сигналдарын өшіріп, қатты әңгімелесулерден аулақ болыңыздар.

6.5 Белгіленген емделу шараларының уақытында келе алмай қалу жағдайында Орталық қызметкерлеріне алдын ала хабарлау қажет.

6.6. Бұл нақты келісімшарт 2 данада жасалған және әр қайсысы бірдей заңды күшке ие.

7. Келісімшарттың мерзімі

7.1. Келісімшарт әр тарап қол қойғаннан бастап күшіне енеді және Орталықтың мамандарында қызмет көрсетудің барлық кезеңінде жарамды.

7.2. Орталық/орындаушы төмендегілердің бірі болған жағдайда келісімшартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы жағдайлар::

а) егер пациент емделу кезеңінде дәрігердің тағайындауларын және ұсыныстарын орындамаған кезде.

б) емдеуші дәрігер Орталық қызметкерлерін ескертусіз пациенттің кезекті емделу шарасына 5 және одан да көп күн ішінде келмеу жағдайында.

в) орталықтың ішкі тәртіптерін сақтамаған жағдайда.

8. Дауларды қарастыру тәртібі

8.1 Пациенттің наразылық туындау жағдайында жазбаша шағым жазылады және Орталық 10 күн ішінде қарастырады.

8.2 Егер келісімшартқа қол жеткізілмесе, шағым ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен қарастырылады.